KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,3 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Өскеменде көмір қымбаттады

26.01.2023, 09:46 467 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында көмірдің бағасы өсті.

Әлеуметтік көмірдің тоннасы 13250 теңге, коммерциялық көмірдің тоннасы 13700 теңге болды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

2022 жылдың соңында әлеуметтік көмірдің құны 11300, коммерциялық көмірдің құны 11800 теңге болған.

«Қаңтарда бағасы өсіп, әлеуметтік көмір 12500 теңге, коммерциялық көмір 13000 теңгеге сатылды. 25 қаңтарда баға тағы 15 пайызға жоғарылады. Өйткені, біріншіден, жеткізуші – «Қаражыра» АҚ  бағаны арттырды, екіншіден, теміржол тарифі өсті», - деді «Сейком» ЖШС басшысы Николай Кондратьев.

Оның айтуынша, дәл қазір көмір тапшылығы жоқ. Бір күнде, шамамен, 300 тонна сатылатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив