KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

ШҚО-да көмірдің бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

20.06.2019, 04:17 278

Облыс әкімдігі көмір бағасына қатаң бақылау жүргізуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ондағы мақсат, халықты тиімді бағадағы көмірмен қамтамасыз ету. Осы тұста қала әкімдігі көмір тасымалдаушылармен келісімшарт жасауда. Ендеше, басты сұраққа жауап берейік, көмірдің бағасы өзгере ме?

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алма Қайрақанованың айтуынша, көмірдің бір тоннасының бағасы Семей қаласында сол күйінде қалмақ, ал Өскемен, Алтай, Шемонаиха аудандарында 100 теңгеге қымбаттайды екен.

Бірақ ең негізгі проблема шалғайдағы Үржар, Зайсан, Тарбағатай сынды аудандарға көмір жеткізу болып тұр.

 – Әкімдерге он күн уақыт ішінде көмір жеткізу жөніндегі трейдерлермен мәселені шешуді тапсырамын. Монополистер бағаны шарықтатпау үшін арнайы автомобиль колонналары болуы керек, сонда ғана халыққа тиімді жағдай жасаймыз,  –  деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша көмірдің бір тоннасының бағасы Семейде – 7400 теңге, Өскеменде – 8800 теңге, ал шалғайдағы аудандарда – 16-17 мың теңгені құраған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу