Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарды
Риддердегі жылу электр орталығы тұтынушыларға 63 миллион теңге қайтарып берді.
ШҚО прокуратурасы Мемлекет басшысы мен Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ-ның қызметін тексереді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Нәтижеде жылу энергиясының жеткіліксіз берілгені және оның сапасының нашар болғаны анықталды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы табиғи монополияларды реттеу департаментінің атына кәсіпорында қайта есептеу жүргізу жөнінде қадағалау актісін енгізді.
Ал департамент қайта есептеуден кейін «Риддер ЖЭО» АҚ 21,7 мың тұтынушыға 63 млн. теңге қайтарады деген ұйғарым шығарды.