Медициналық орталық күрделі жөндеуден өтеді – ШҚО
Облыстық мамандандырылған медициналық орталық жөнделеді.
Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының өкілі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«2023 жылы мекеменің операциялық блоктың шатыры, инженерлік желілер, желдету жүйесі мен электр жабдықтары күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ мамандандырылған қызметтердің сапасын арттыру үшін 61 медициналық жабдық сатып алынады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.
Спикердің айтуынша, нейрохирургияға жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу үшін үш дәрігер-нейрохирург Ресей Федерациясына оқуға жіберіледі.