KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 4 м/с, В
519.61 610.13 6.54

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

8.02.2023, 12:21 908 Оразай Жеңісұлы

Қазгидромет 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде - оңтүстік және шығыс облыстарда "Оңтүстік" циклонының әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар, көктайғақ күтіледі.

"Республика бойынша тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 11 ақпанға жақын батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ауысып, жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды. Түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу