KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ертең Өскеменде сирена іске қосылады

28.02.2023, 11:00 333 Оразай Жеңісұлы

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурызда республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексеріледі.

Сирена сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы. Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғылары (дауыс зорайтқыштары) қысқа мерзімге қосылады, сонымен бірге теледидар және радиоарналарының эфирі ұсталады, интернет-ресурстар мен мобайл қолданбаларда ақпарат орналастырылады», - деп жазылған төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

«Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу