Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны азайды
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 38 науқас тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің 5 наурыздағы мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бір күн бұрын, яғни 4 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 97 жағдайы, коронавирус белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелген болатын.
Қазір республика аумағында 1 726 адам коронавирус инфекциясынан емделіп қабылдап жатыр: стационарда - 121 науқас, амбулаториялық деңгейде - 1 605 адам.
Сондай-ақ науқастардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 3 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, тағы бір 1 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.