Коронавирус: 573 қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Коронавирус жұқтырған 25 мыңға жуық қазақстандық емін жалғастырып жатыр, 573 науқастың жағдайы ауыр, 130 науқас өте ауыр жағдайда, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. .
6 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 709 адам коронавирус инфекциясынан (–23 814 КВИ+ және 895 КВИ-) емделіп жатыр:
- 8 653 пациент стационарда,
- 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде.
-
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 573 адамның жағдайы ауыр,
- 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 77 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз