97 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды
Қазақстанда бір тәулік ішінде 97 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бір тәулікте коронавирус инфекциясының 93 жағдайы, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазір елімізде коронавирустан 1 670 адам емделіп жатыр. Оның ішінде: коронавирус – 1 508, пневмония – 162. Стационарда - 137 науқас, амбулаториялық деңгейде - 1 533 науқас.
Сондай-ақ 6 адам ауыр жағдайда, 4 пациент өте ауыр жағдайда жатыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз