ШҚО-да супер ХҚКО салынады
ШҚО-да барлық талаптарға сай келетін супер халыққа қызмет көрсету орталықтары салынуы мүмкін.
Супер ХҚКО-да мемлекеттік қызметтердің 750-ден астам түрі көрсетіледі және кез келген құжатты рәсімдеуге, қызмет түрі мен кеңес алуға болады. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Сонымен қатар облыс әкімі Өскемен қаласының әкіміне тұрғындар үшін қолайлы орын табуды тапсырды.
Айта кету керек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы ХҚКО құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын арада аймақ басшысы барлық жұмыстың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына көз жеткізу үшін құрылыс нысанына баратынын айтты.