Қазақстанда сапалы дене тәрбиесін дамытпақ
Оқу-ағарту минситрлігі осы жылы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросымен бірлесе отырып, «Қазастандағы сапалы дене тәрбие» жобасын іске асыруды қолға алған. Осыған орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету» тақырыбында Консультативтік кездесу өткізді.
Ауқымды жобаны жүзеге асыруға арналған жиынға қатысқан жоба өкілдері сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясат бойынша ЮНЕСКО әдіснамасын таныстырды.
Жобаны қолға алушылар спорт мәселелері бойынша әлеуметтанулық зерттеулердің жеткіліксіз екеніне көз жеткізген. Мысалы, ҚР Жоғары Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің деректері бойынша 1991-2022 жылдары барлығы 115 ғылыми зерттеулер жүргізілген. Соның ішінде студенттік және мектеп спорты саласында 22 ғана жоба бар. Сондықтан бұл саланы әлі де зерттеп, зерделеу қажет екендігін консультативтік кездесуге келгендер тілге тиек етті. Айта кетейік, 2023 жылғы мамыр-желтоқсан аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросымен мәміле туралы Меморандум аясында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Қазақстандағы сапалы дене тәрбие» жобасын іске асыруда.