Қазақстанда балабақшаға есепке алу базасы іске қосылмақ
Фото: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында балабақшаларға кезекке тұрудыавтоматтандыру үдерісімен орман өртіне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның шеңберінде мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделеді.
Премьер-министр балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту үдерісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты.