KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Биыл елімізде 200-ге жуық баланы асырап алған

Фото: kaz.globalnews.kz

23.11.2023, 22:32 143 Ләззат Қанатқызы

Елімізде ағымдағы жылы бала асырап алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда азайғаны байқалады.

Бала асырап алу мәселесі елімізде заң аясында шешіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Бала асырап алу «Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес жүзеге асады және түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Өткен жылы жетім және ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан – 204, биыл 190 бала асырап алынды. Қазір осындай ұйымдарда 100-ден астам тастанды бала тәрбиеленіп жатыр, - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарамасында.

Өткен жылы шетел азаматтары елімізден 1 бала асырап алса, биыл бала асырап алған жоқ.

- Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес бала асырап алған қазақстандық азаматтар баланың кәмелетке толғанға дейінгі өмір сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есеп беруге міндетті. Алғашқы үш жыл ішінде есеп жылына екі рет, содан кейін асырап алынған бала 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын ұсынылуы тиіс, - дейді министрлік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив