Елімізде бала асырап алудың талаптары қандай? (ВИДЕО)
Мемлекет тарапынан жетім балаларды «толық адам ретінде» сезінуіне мүмкіндік беру үшін асырап алуға рұқсат беріледі. Бала асырап алушының отбасында баланың қалыпты физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуы, тәрбиесі мен білімі үшін жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етіледі.
Жас айырмашылығы туралы да ұмытпаңыз. Бала асырап алушы мен асырап алынған баланың жас айырмашылығы кем дегенде 16 жаста болуы керек. Сот дәлелді деп таныған себептерге байланысты жас айырмашылығын азайтуға болады.
Оқи отырыңыз