KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Бала асырап алғыңыз келсе мына құжаттар қажет:

3.06.2019, 05:19 215

Жыл басынан бастап ШҚО-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-дан аса жетім баланы асырап аламыз деген азаматтарға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2018 жылы бұл көрсеткіш 221 болса, 2017 жылы 63-ті құрайды. Егер, бала асырап алғыңыз келсе, сізге төмендегі құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет болады:

- Жеке куәлік

- Некеде болсаңыз, неке қию туралы куәліктің көшірмесі, жолдасыңыздың жазбаша келісімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығына сәйкес, бала асырап алу үшін, қамқорға алушы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін ұсынуы қажет. Сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны туралы анықтаманың болуы шарт. Көрсетілетін қызметті алушының табысы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет;

- Баланың жалғыз, ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны жайлы құжаттардың көшірмелері

- Егер асырап алғыңыз келген бала 10 жаста болса, оның пікірі мен келісім қағазы

- көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының тұрғын үй пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда). "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, аталған қызмет түрі бұрын қылмысты болған, ата-ана құқығынан айырылған, кәмілеттік жасқа толмаған жандарға көрсетілмейтінін айтып өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив