KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, В
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да этносаралық татулықты нығайтуға үлес қосып жүргендер марапатталды

27.11.2023, 16:43 144 ALTAINEWS

Жүзден астам ұлттың өкілі ауызбіршілікте өмір сүріп жатқан Шығыс өңірінде этносаралық татулықты нығайтуға атсалысып, елдің ынтымақ, берекесін арттыруға еңбек сіңіріп жүрген жерлестеріміз марапатқа ие болды. 


Бүгін Риддер қаласында өткен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы аясында ҚХА мүшелерін, Достық үйлерінің белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары марапаттады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


«Ассамблея – жастардың көзқарасы» атты алқалы жиында алғыс хат алып, құрметке бөленгендердің дені жастар болды. Солардың бірі ШҚО ҚХА Жастар театрының жетекшісі Назерке Айдынова. Ол облыстық драма театрдың әртісі болып қызмет ете жүріп балаларды шығармашылыққа баулитын үйермелер ашқан. «Жас талант» балалар театры мен «TeatrAll» жастар театрының негізін қалаған.

– Өңірде талантты жастар, түрлі этностардың өкілдері көп. Біз олардың басын қосып ШҚО ҚХА театрын құрдық. Театр төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз әртүрлі тарихи қойылымдарды қоямыз. Оның ішінде 1930-1933 жылдардағы ашаршылық, қазақ даласына жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің тағдыры туралы көріністер қоямыз. Адамдар, әсіресе жастар жағы өткен тарихты білуі керек, бұл оларды бір-біріне жақындастырады, бейбітшілік пен келісімді бағалауды үйретеді, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады, - дейді Назерке Айдынова.


ШҚО Ассамблеясының сессиясы алғаш рет көшпелі режимде – Риддер қаласында өткізілгенін айта кеткен абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив