KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Ұлттық комиссия құрамы жаңарды. Енді әйелдер мүддесін кімдер қорғайды

Фото: azattyq-ruhy.kz

24.01.2024, 20:00 74

ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы жаңарды.

Комиссия төрағасы болып мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекітілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

Комиссия құрамында парламент сенаты мен мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ректорлар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бар. Олар:

  • Жұлдызай Ысқақова – парламент сенаты төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, төрағаның орынбасары;
  • Лаззат Рамазанова – қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары;
  • Ләззат Сүлеймен – ҚР президентінің іс басқармасы жанындағы "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары;
  • Елена Тарасенко – қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары;
  • Қарақат Абден – парламент мәжілісінің депутаты;
  • Бибігүл Ағыбаева – еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, Academy of labour relations бас директоры;
  • Тілектес Адамбеков – парламент мәжілісінің депутаты;
  • Альфия Адиева – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры;
  • Алина Әбдірахманова – International Business School ЖШС директоры;
  • Зульфия Байсақова – "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Гурина Марианна – "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті;
  • Назым Жанғазинова – медиакоммуникация саласындағы сарапшы, NazymPR бутигінің негізін қалаушы;
  • Баян Жандосова – "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Айнұр Жүгінісова – кәсіпкер, продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Ренат Зұлқайыров – ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;
  • Снежанна Имашева – парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;

Комиссияның жаңа құрамына кіргендер:

  • Ренат Зұлқайыров;
  • Альфия Адиева;
  • Тілектес Адамбеков;
  • Бибігүл Ағыбаева;
  • Елена Тарасенко;
  • Ләззат Сүлеймен.

Комиссия құрамынан Лаура Демесінова, Айман Исина, Раушан Қажыбаева, Гүлмира Қанай, Лаура Қарабасова, Динара Құсаин, Татьяна Миронюк, Рыиза Молдашева, Найля Мұхтарова, Бибігүл Нұрашева, Айман Омарова, Гүлнар Омарова, Элина Паули, Елена Семидоцких, Гаухар Тасбергенова, Клара Төленбаева, Татьяна Цветкова, Гүлмира Шалабаева, Нәзипа Шанаи, Әзиза Шөжеева шығарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив