KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ақтөбеде мектепке басып кірмек болып жүрген кімдер?

25.01.2024, 15:11 55 Оразай Жеңісұлы

Әлеуметтік желіде әлдекімдер мектептерге басып кіріп, оқушыларды қырып-жоямыз деп хабар таратуда. Бұл түсініксіз жағдай Ақтөбеде болып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Конец Актобе» деп телеграм-арна ашқандар «шабуыл» 26 қаңтарда басталатынын жазды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы көпе-көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қатысты тергеуді бастап кетті.

«Осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдіктілер жуық арада ұсталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп  мәлімдеді Ақтөбе ПД.

Құзіретті орган оқу орындарының қауіпсіздігін нығайту үшін бейнебақылау камераларын және мектептерге жақын жерде полиция нарядтарын көбейтіп жатыр.

Тәртіп сақшылары жалған ақпараттың кесірінен арандап қалмауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив