KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

ЭЦҚ форматы өзгерді: нені білу керек?

фото: mobilaser.kz

2.05.2024, 10:44 57 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан криптографиялық стандартқа көшті. Соған сәйкес электрон цифрлық қолтаңба форматы өзгерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өзгерістер бойынша, ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті беріледі, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады.

Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарланған:

*«Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;

*«Кадр бөлімінің қызметкері».

Бүгінде ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны айтылды.

«Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив