Өскемендіктер қала атауының қате жазылғанына наразы
Өскеменнен шығаберістегі тасжолға үлкен әріптермен Өскемен деген жазуы бар тұғыр орнатылған. Алайда оны жазғандар «С» әрпін қалдырып, «Өкемен» деп қате жазып, қойып қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап мәлімдеді.
– Тұрғындардың айтуынша, қала атауының қате жазылып тұрғанына осымен екі апта болған. Телеарна мәліметінше, шенеуніктер бұл жағдайға қатысты пікір білдіргісі келмеген. Тек әлеуметтік желілерде конструкция әлі аяқталмағанын және таяуда қалып қойған S әрпі қойылатынын жазған екен, – деп жазылған ақпаратта.
Оқи отырыңыз