Өскемендік шенеуніктер қала атауының қате жазылғанына қатысты пікір білдірді
Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қала атауы қате жазылуына қатысты пікір білдірді.
Бөлімнің баспасөз хатшысы Владимир Землянскийдің айтуынша, атау кеше кешке дұрысталған.
"Қазір қалаға кіреберісте осындай атауларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Монтаж жұмыстары жүріп жатқан сәтте барлық әріп орнатылмаған болатын және бұл сурет дәл сол кезде түсірілген. Кеше кешке барлық әріп орнында болды", - деді Владимир Землянский.
Оқи отырыңыз