KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

«Жалпы құны 6 млрд». Катонқарағайда қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр?

21.10.2020, 07:40 125

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында биыл жалпы құны 6 миллиард теңге болатын 76 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оның ішінде 24 жоба «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында қолға алынған. Осы ретте 20 мектеп және 6 мәдени нысан жөнделгенін айта кетуіміз керек. Сондай-ақ аудан жолдарының 30 шақырымына асфальт төселді. Атқарылған жұмыстар мен жүзеге асып жатқан жобаларға аз-кем тоқталсақ:

- Катонқарағай ауылының орталық саябағы жөнделді.

- Жақында жазушы Дидахмет Әшімханұлының ескерткіші ашылды.

- Заманауи талаптарға сай жабық бассейні бар спорт кешені салынуда.

- Солдатово ауылында мәдениет үй жөнделді.

- Солдатово ауылында орталық ауыз су құбыры тартылды

- Катонқарағай ауданында 9 ауылға ауыз су тартылды

- Көпбалалы аналарға екіпәтерлі 10 жер үй салынуда.

- Алдағы жылы тағы 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынбақ

- Орталық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив