KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскемендегі арнайы пунктерге екі тоннаға жуық көмек жиналды

8.04.2024, 18:17 182 Айна Ескенқызы

Еліміздің су  басқан облыстарының тұрғындарына қайырымдылық көмегін жөнелту үшін Өскемен қаласында ресми  екі қабылдау пункті ашылғаны белгілі. Осы жерлерге қарапайым халықтан, көп балалы аналардан әлі күнге азық-түлік пен күнделікті қажет заттар келіп жатыр.

Бүгінде екі тоннаға жуық азық-түлік пен басқа да керекті заттар жиналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, еріктілер фронт офисімен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ мен Қазақстан-Американ еркін университеті тығыз байланыс орнатқан. ШҚУ ұжымы азық-түлік және жуынатын заттар әкелсе, ҚАЕУ қызметкерлері тамақ өнімдерімен қоса төсек орын, матрастармен көмектесіпті. Азық-түлік өнімдері зауытынан бес тонна ұн жеткізіледі деп күтілуде.

Ел басына туған ауыр күндер ешкімді де бейжай қалтырмай, қала тұрғындары да шама-шарқыларынша көмек қолын созуда. «Кедей - жомарт» демекші, бұл акциядан көп балалы аналар да тыс қалған жоқ.

– Көп балалы аналар, ШҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері ораза айындағы пітір садақаны зардап шеккендерге аударды. Сонымен қатар салмағы  25 кг бірнеше қап ұн, 9 түрлі дән дақылдарын, 9 түрлі кеспе түрлерін, өсімдік майын, басқа да азық-түлік өнімдерін, жуынуға арналған заттар,  оның ішінде сабын, тіс пастасы мен щеткасы сияқты  тазалық заттарын әлі күнге әкеліп жатыр. Киім-кешек, етік,  аяқ-киімдерін өткізді. Қайырыдылық көмегін әлі де қабылдаймыз, – деді қоғам белсендісі, «Uylesim» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жұлдыз Ақтанжан.

Естеріңізге сала кетейік,  қабылдау пункттері : еріктілер фронт офисі -Горький, 48 және ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанында, -Достық үйінде,  Назарбаев, 68 мекенжайында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив