«Ұлттық киім кию» челленджін Глубокое ауданы жалғастырды
Рухты көтеру және ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымдары ұлттық киім кию челенджін бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Ұлттық киім арқылы сол ұлттың тарихы, мәдениеті сыр шертеді. Оның қай-қайсымыздың болса да, Ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны белгілі, - дейді аудандағы мемлекеттік қызметкерлер.
Мәдениет қызметкерлері ұлттық киімдерін тек Наурыз мейрамында ғана емес, күнделікті жұмыста киіп жүруді әдетке айналдырмақ екендерін жеткізді.
Оқи отырыңыз