KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Алтайлықтар ұлттық киімді ұлықтады

15.03.2024, 10:45 3 315 Ләззат Қанатқызы

Наурыз мейрамына орай Алтай ауданының мемлекеттік қызметкерлері классикалық киім үлгісін ұлттық нақыштағы киім-кешекке ауыстырды.

14 наурыз – Көрісу күнінен бастап мемлекеттік мекемелердің 1000 қызметкері «Ұлттық киім кию» челленджіне атсалыспақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кету керек, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін челленджді өңірде тұратын түрлі этностардың өкілдері де бірауыздан қолдаған.

- Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше челлендж бастадық. Өзім бастап, барлық мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа қазақи нақыштағы киімде келетін болады. Ұлттық киім – патриоттық рухымыз бен мәдениетімізді арттырары сөзсіз, - дейді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Челленджді бастаған мемлекеттік қызметкерлер қазақтың ою-өрнегі бар қамзол-қапетті бір ай бойы киеді. Жылдың басы, жаңару мерекесінде ұлттық киімге осылайша құрмет көрсетілмек.

Фото: Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу