KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Аудан әкімі: «Күршім мен Марқакөлді бөліп-жармай, тең дәрежеде қамтимыз»

28.12.2021, 23:30 222

Шекаралық аудандарды дамыту бағдарламасы негізінде 5 жыл ішінде Күршім ауданында 58 млрд.теңгеге 180 іс-шара іске асыру көзделген. Олардың 31 млрд. теңгесі Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға бағытталады.

Ауыдан әкімінің айтуынша, оның ішінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 329 млн. теңгелік 11 жоба, «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 1 млрд. 280 млн. теңгелік 36 жоба жүзеге асырылды.

-      Осы қаржыны игеру барысында Күршім мен Марқакөл өңірлерін бөліп-жармай, «артық-кем» демейтіндей тең дәрежеде қамту жоспарланды. Мәселен, Күршім өңірінде құны 2 млрд. 688 млн. теңге болатын 41 жоба қолға алынып жатыр дейтін болсақ, бұл көрсеткіш Марқакөл өңірінде 44 жобаға арналған 2 млрд. 110 млн. теңгені құрап отыр, - деді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Ауданда бүгінде «Ауыл - ел бесігі», «Нұрлы жол», «Жол картасы» сияқты айтулы бағдарламалардың барлығы бірдей жұмыс істеп, соның арқасында көптеген тиімді жобалар жүзеге асырылып жатыр.

-      Мысал үшін, аталған қаржының 4 млрд. 285 млн. теңгесі облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінді. Аудан бюджеті де өсіп, ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге жетті. Одан 10 жобаға арналып жарты миллиард теңге бөлінген.Бұған қосымша тағы да 13 жобаға жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, 58 млрд. теңге бөлініп отыр, - деп қосты аудан әкімі.

Күршім ауданының кешенді дамуы барысында ұзақ жылдар бойы кенжелепқ алған бағыттардағы проблемаларды нақты шешіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол-көлік, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, туризм салаларын қарқынды дамыту үшін алдағы бес жыл ішінде 153 ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу