KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Күршімде жүк көлігінің жүргізушілеріне қонақ үй салынады

28.12.2021, 23:56 290

Күршім ауданында «Ақ ниет» өңірлік бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша жалпы жоба сомасы   109,1   млн.   теңге   құрайтын   тағы 9 жоба қолға алынып отыр.

Нәтижесінде 33 жұмыс орны ашылмақ.

Мәселен, аудан әкімінің айтуынша, 2020 жылы жеке кәсіпкер «Н.Долданова» аталған бағдарлама арқылы 15 млн. теңгенің несиесін игеріп, биыл 30 адамға арналған қонақ үй ашқан. Жаңа қонақ үй үлкен жүк көлігінің жүргізушілеріне арналған.

- Болашақ қонақүйдің аумағы 15 га, жүк көліктерін тұрақтандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 7 жұмыс орны ашылады. Жоба құны–25 млн.теңге. 2020-2022 жылдары Маралды (10 млн. теңге), Ұрынхай(14млн.теңге) ауылдарында наубайхананы жаңғырту, Марқакөл (10 млн. теңге) ауылында тігін цехын кеңейту жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны–34млн.теңге, - дейді Кұршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Сонымен қатар Күршім ауылында 2020-2023 жылдары тігін, жиһаз цехтарын, ағаш өңдеу өндірісін кеңейту, техникалық қызмет көрсету станциясын ашу жоспарлануда. Бұл жобалардың жалпы құны – 43,1 млн.теңге.

Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есеге артып, 3,7 млрд. теңгеге жетеді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2,4 есеге (2,8 млрд. теңге) артады.

Өндіріс қуатының жүктемесін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ашу және жаңа кәсіпорындар ашу есебінен бір мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу