KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Күршім ауданын дамытуға 5 жылға 60 млрд теңге бөлінеді

27.11.2020, 11:05 281

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы аудандарға арналған кешенді жоспар Күршім ауданының дамуына тың серпін берді.
Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың айтуынша, кешенді жоспарды дайындау барысында ауданның ерекшеліктері, тұрғындардың тілектері мен ұсыныстары ескерілді.
– Іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік салада жинақталған проблемаларды тиімді шешу, - деп атап өтті Дулат Қажанов.
Осылайша, Күршім ауданын дамыту жоспары 2020-2024 жылдарға бекітіліп, 58,6 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылдың өзінде 5 млрд теңгеге жуық 88 ауқымды жоба: 11 жоба – «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында, 36 жоба – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асырылмақ. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу