Өскеменде апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі шешіледі
Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әкіммен кездесуге келген жұртшылық әр түрлі салаға қатысты мәселе көтерді. Дегенмен, басым бөлігі баспана кезегіне қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінде қала бойынша 14 446 адам баспана кезегінде тұр екен. Оның ішінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар - 2155, көпбалалы отбасылар - 1298, әлеуметтік осал топтағы тұрғындар саны - 5198.
Биыл барлығы 132 адам баспаналы болды.
Кездесу барысында Өскемендегі Абай даңғылы, Заслонов, Островский көшелеріндегі апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетіндігі айтылды.
Автор: Айжанат Бақытқызы