Көпбалалы 24 жанұяға жаңа баспана беріледі - Үржар
Иә, үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Серік Зайнулдин халық алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ресми ақпаратқа сенсек, аудан бойынша 797 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр, оның 66-сы көпбалалы отбасы. Мәселен 2019 жылы 57 көпбалалы отбасы баспаналы болған.
- 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталған соң, кезекте тұрған 6 жетім бала және 24 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі, - дейді аудан әкімі.
Аудан әкімі тұрғын үй құрылысы ақпан айында аяқталады деп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 203,3 миллион теңге бөлінген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үржар ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жиын облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтіп жатыр.