KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

22 көпбалалы ананы жұмысқа тұрғызып, үй бердік - Жақсылық Омар

3.02.2020, 09:48 212

Өскемен қаласының тұрғындарына өткен жылы түрлі бағдарламалар бойынша 425 жалдамалы (арендный) пәтерлер берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омардың тұрғындар алдындағы есебі барысында айтылды.

Қаладағы көпбалалы отбасылар мемлекеттен 56 пәтер алып отыр. Ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай отбасыларға 100 пәтер бөлу жоспарланған.

-"Біз 22 көпбалалы ананы жұмысқа тұрғызып, қызметтік тұрғын үй бердік. Барлық жанұяның тұрмысымен жете таныстым. Арасында моншада тұрып жатқандар да болды",-дейді қала әкімі. Қазіргі таңда Өскеменде 343 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр.

Естеріңізге сала ктейік, бүгін Өскемен қаласының  әкімі Жақсылық Омар №46 орта мектепте қала тұрғындары алдындағы есепті кездесулерін бастады. Кездесулердің келесі кестесі мынадай:

 

4 ақпан – №49 Ахмер орта мектебі, 15.00;

5 ақпан-Оқушылар шығармашылық сарайы, 15.00;

6 ақпан – Металлургтер мәдениет сарайы, 15.00;

7 ақпан - № 23 орта мектеп, 15.00.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив