1 мамыр күні Өскеменде өзен трамвайлары жүре бастайды
Өскеменде навигация маусымының ашылуына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
1 мамыр күні Өскеменде өзен трамвайлары қатынай бастайды. «Белалекс» компаниясы маусымның ресми ашылуына орай арнайы бағдарлама дайындаған. Сағат 10:00-де Өзен вокзалында мерекелік шара мен жәрмеңке өтсе, кешкі 19:00-де салют атылады.
– Қала ішінде және ГЭС артындағы су қоймасына қатынайтын сүйікті бағыттармен қатар жаңа маршруттар да дайын! – деп тұрғындар мен қала қонақтарына үн қатты «Белалекс» компаниясы.
Қала тұрғындары мен қонақтарын өзен бойындағы әсем серуен мен жарқын әсер күтпек.
Фото: редакция мұрағатынан
Оқи отырыңыз