KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Өскеменде өзен трамвайларының ашылуына орай отшашу болады

4.05.2023, 12:03 254 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Ертіс өзені бойымен трамвайлар жүре бастады.

Маусымның салтанатты ашылуы 6 мамыр күні Өзен вокзалында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Белалекс" компаниясының мәліметіне сүйенсек, өзен трамвайлары 1 мамырдан бастап жұмысқа кіріскен болатын. Алайда ауа райына байланысты салтанатты ашылуы 6 мамырға ауыстырылды.

  Сенбі күні 20.00-де маусымның ашылуына орай Өзен вокзалына қарама-қарсы су бетінде отшашу болады деп жоспарланып отыр, дейді «Белалекс» компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, елімізде жанармай қымбаттауына байланысты өзен трамвайларының бағасы өскен. Билеттерді Өзен вокзалындағы кассадан алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив