KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, СШ
512.83 600.58 6.36

Өзен трамвайлары 6 мамырда жұмысын бастайды. Бағыты кеңейді

16.04.2021, 16:51 495

Биыл тағы да облыс орталығы Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Өскеменнің әсем жерлерімен, су қоймасының көрінісімен танысуға мүмкіндік бар.

Су үстінде серуендеуге ниет білдірушілерге 4 бірдей өзен трамвайы дайын.

- Алғашқы екеуі - "Жұлдыз" бен "Комета". Оларда үстінгі қосымша орындар бар. Үшінші -"Қарлығаш". Ол - 28 орындық өзен автобусы, - деді "Белалекс" жобасының өкілі Ксения Белова. - Осы үш кеме қала ішіндегі "Өзен вокзалы - "Самал" паркі, "Өзен вокзалы - Өскемен ГЭС", сондай-ақ экскурсиялық бағыттары бойынша жүреді. 

Айта кетейік, өзен трамвайларының бірінші жұмыс күні - 6 мамыр. Навигация маусымы 1 қарашаға дейін созылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу