KZ
Өскемен
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Өзен трамвайлары «Этноауылға» апарады - Өскемен

Фото: 2gis

7.02.2024, 12:37 209

2020 жылдан бастап шағын теплоход -  «өзен трамвайларымен» өскемендіктерге су бетінде сейіл-серуен ұйымдастырып жүрген «БелАлекс» ЖШС қазіргі «Өзен вокзалы» айлағы - «Самал» демалыс бағы бағытындағы маршрутпен бірге, биылдан бастап   «Өзен вокзалы» -  "Этноауыл" сол жағалау кешені бағытында жаңа маршрут ашады. 

Экотуризмнің, этнотуризмнің нысандарын көріп, тамашалайтын  демалушылар этнобаққа «өзен трамвайымен» 15 минутта барады, - деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі. 

Қазіргі күні қала әкімшілігімен этнобаққа бұрылатын тұстағы  өзен сағасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. «БелАлекс» ЖШС директоры Ксения Белованың айтқанындай, сонымен қатар, қала әкімшілігімен бірге «өзен трамвайларына» арнап: «ҰОС Жеңісі» мемориалы,  "Земснаряд",  сол жағалаудағы "Шоқ қайың" тағы да басқа мәдени - көпшілік орындарға қосымша аялдамалар ашу жұмыстары қарастырылады екен.

Судағы туризм тұрғындарға, басқа жақтан келетін туристерге баламасы жоқ саяхат, демалыс түрі болып келе жатыр.  «БелАлекстің» бұл саладағы тәжірибесі мол. Кәсіпкердің айтуынша, бір маусымда олардың қызметін 40 мыңнан астам демалушы пайдаланады. 

Өскемендегі «БелАлекстің» кемелерімен саяхттап, «өзен трамвайларына» отыруға «Орел и решка» бағдарламасының түсірілім тобы, көптеген әнші, блогерлер де келген. 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу