KZ
Өскемен
-9°
туман Штиль
512.83 600.58 6.36

Өскеменде көмір жеткізу мәселесі бақылауда

depositphotos.com

16.10.2025, 19:00 205 Базарова Айгүл

Өскеменде қазіргі уақытта тұрғындар мен кәсіпкерлерге көмір сату жұмыстарын 5 көмір тұйығы жүзеге асырып отыр. Негізгілері – «Сейком» ЖШС және «Топливная компания Терминал» ЖШС. Соңғы күндері осы тұйықтарда көмір тиеу кезінде кезек пайда болған. Бұл жағдай «Қаражыра» АҚ тарапынан көмір тиелген вагондардың уақытылы келмеуінен туындап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Мәселені шешу мақсатында облыс орталығының әкімдігі «Қаражыра» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Өскеменге көмір жеткізу жұмыстарын жылдамдату жөнінде келісімге келді.

Қала әкімдігі көмір тасымалының үздіксіз жүруін және тұрғындарды қажетті көлемде қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу