KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскемен әкімі әлеуметтік көмірді ерте сатып ала бастауды ұсынды

23.05.2019, 07:21 192

Қала әкімі Жақсылық Омар көмір сатып алу кезінде пайда болатын қарбалас кезек пен жеткізу уақытының кешіктірілуіне қатысты қызметкерлеріне ескерту жасады. Кеше өткен жиналыста осы мәселеге қатысты шаһар басшысы биыл көмір таратуды жаңа әдіспен жүргізу жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Тым болмағанда, әлеуметтік көмірді ертерек сатып алайық. Мысалы, ол көмір 1 қыркүйектен бастап сатылсын, ал күннен кейін Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарына таратылсын. Олар көмір алу үшін Өскеменге келеді ғой, - деді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, қала әкімі көмір сату орындарының иелерін де тексеруге кеңес берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу