Өскемен тұрғындарына көмірді алдын ала сатып алуға кеңес берілді
depositphotos.com
Өскемен қаласында халық пен заңды тұлғаларға қатты отынды сатумен төрт көмір тұйығы айналысады. Негізгілері – «Сейком» ЖШС және «Топливная компания Терминал» ЖШС, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылы әлеуметтік осал топтарды көмірмен қамтамасыз ету мақсатында Өскемен әкімдігі, «Қаражыра» АҚ және «ШҚО Ауғанстан ардагер-мүгедектері» қоғамдық бірлестігі үшжақты меморандумға қол қойған.
Биыл әлеуметтік көмір «Топливная компания Терминал» ЖШС тұйығында тоннасы 15 700 теңгеден, ал «Сейком» ЖШС тұйығында 16 200 теңгеден босатылады. Жалпы жеңілдікпен берілетін көмір көлемі – 25 000 тонна.
Әлеуметтік көмір алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша Аумақтық басқарма орталықтарының филиалдарына өтініш беру қажет. Ал төмендетілген бағамен көмірді жеткізуді «ШҚО Ауғанстан ардагер-мүгедектері» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Елизавета Седых