KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да балалар үйінің экс-директоры мен бас есепшісі 63 млн теңгені жымқырған

16.04.2021, 09:34 151

Бұл жанжал 2019 жылдың қаңтарында, мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған кезде басталды. Содан кейін желіге жиналыста түсірілген видео жарияланды, онда мекеменің бас бухгалтері балалар үйінің директорымен бірге 15 миллион теңге жымқырғанын мойындады. Ал бұл ақша жетім балаларды қамтамасыз етуге арналған еді.

Ақшасыз қалған қызметкерлер іс қозғалмайды деп қорқып, прокуратураға, БАҚ-қа жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыстық іс Өскемен қаласының № 2 сотына қарауға келіп түсті. Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына бюджет қаражатын жымқырды және ысырап етті деген айыптар тағылды. Оларды 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңгені ұрлады деп айыптауда", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу