KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да әскери қызметкер бюджеттен 16 миллион теңге жымқырған

12.05.2020, 10:29 252

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер бюджет қаражатынан 16 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Семей гарнизонының әскери сотында әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол азамат орталықтандырылған есепке алу бөлімінің қаржылық қызметінің басшысы болған. 1,5 жыл бойы әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын жымқырып отырған.

– Сот әскери қызметкердің 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 қазанына дейін әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын әскери қызметкерлердің карта есепшоттарына заңсыз аударып, мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады. Салдарынан әскери бөлімнің қаржылық қызметінде 16 миллион 97 мың 835 теңгеге тапшылық пайда болған, – делінген Семей гарнизоны әскери сотының хабарламасында.

Алғашында сот күдіктіні кінәлі емес деп таныпты. Кейін іс қайта қаралып, сот әскери қызметкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2 пунктіне сәйкес кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жауапты және басқарушы лауазымдарын атқару құқығынан, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ, айыпталушы «капитан» шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу