Облыс орталығында заңсыз алынған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.
Соңғы жылдары Славский жағалауындағы үш учаске қайтарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Тәуелсіздік жылдарында жер учаскелерін заңсыз, кейде ашық қылмыстық жолмен жеке қолға беру тәжірибесі болғаны жасырын емес. Қазір біз оның салдарын жиі кездестіреміз. Мұндай жағдайлармен жұмыс істеу қиын. Біз бәрін қайтарғымыз келсе де, еліміздегі жеке меншік құқығы конституциямен бекітілген және оны елемеуге құқығымыз жоқ. Әйтпесе, біз құқықтық мемлекет деп аталмас едік. Әр жағдайда біз түрлі тәсілдерді қолданамыз. Егер учаскелер бұрынғы шенеуніктердің қадағаламауына немесе біліксіздігіне байланысты берілсе, жердің иесіне ымыралы шешім ұсынамыз, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Шаhар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Славский жағалауындағы үш учаске осылайша қайтарылған. Олардың екеуін иелері стандарттарға сәйкес келмейтін құрылыс үшін жоспарлаған көрінеді. Ал, үшіншісін "бекініс" - архитектуралық құрылымның астында орналасқан.
- Бірақ кейде билік пен жерді иемдену бойынша бизнес өкілдері арасында ашық келісімнің болатыны анық. "AutoExclusiveKZ" ЖШС-нің ШҚО-ның бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қылмыстық ісінде үлестес тұлға екені белгілі болғаннан кейін, әкімдік қалалық прокуратурамен бірлесіп, осы компанияға тиесілі қаладағы учаскелерді алу жөнінде шаралар қабылдады. Олардың үшеуі ескі ипподром ауданында орналасқан. Бас жоспар бойынша мұнда көп қабатты ғимараттар құрылысы қарастырылған. Енді осы жерде кезекте тұрған қалалықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін көппәтерлі үйлердің құрылысын жобалауды бастаймыз, - деп атап өтті қала әкімі.
Тағы бір учаске – Ертіс арқылы өтетін көпір мен амфитеатр ауданында. Ол жерде азамат соғысы кезіндегі жаппай жерлеу орыны да бар екені анықталған. Ол жерде Славский мен Пермитин арасындағы көпірдің астынан өтетін жол салу жоспарлануда.