KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да экс-шенеуніктің жері мемлекетке қайтарылды

22.02.2023, 15:30 565 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында экс-шенеунікке тиесілі болған жер мемлекетке қайтарылды.

Өскемен аумағындағы және Бұқтырма жағалауындағы учаскелер қайтарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен жылы прокурорлық қадағалау  нәтижесінде кадастрлық құны 5,5 миллиард теңге болатын 36,9 мың гектарға жуық 533 учаске мемлекетке қайтарылған.

«Мәселен, экс-шенеунікке тиесілі болған Өскемен қаласындағы 4 учаске және Бұқтырма жағалауындағы жерлер 10 жыл бойы қолданылмаған. Аталған учаскелер мемлекет меншігіне өтті. Оның нарықтағы бағасы 4,8 миллиард теңге, - деп мәлімдеді ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив