KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Бұқтырма жағалауларында аумағы 83 гектар 80 учаске пайдаланылмай бос жатыр

22.09.2020, 05:33 187

ШҚО бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейсенғазы Чукаев облыста қанша жердің пайдаланылмай бос жатқанын айтып берді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құрылысқа арналған пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтауды басқарма жергілікті атқарушы, прокуратура органдары немесе заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің негізінде тексеру барысында анықтайды.

Осындай тексеру нәтижесінде Алтай ауданында – 83,0 га алаңдағы 80 учаске, Глубокое ауданында – 27,51 га алаңдағы 33 учаске, Үржар ауданында – 8,52 га алаңдағы 14 учаске және Өскемен қаласында – 181,54 га алаңдағы 449 учаске, Семейде – 25,93 га алаңдағы 30 учаске, Риддерде – 2,06 га алаңдағы 13 учаске анықталған.

Басқарма басшысы өз жауабында айтып өткендей, ең көп пайдаланылмайтын жер учаскелері Өскемен қаласында тіркелген екен, ауданы 181,54 га болатын 449 учаске. Одан соң Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы ауданы 83,0 гектарды құрайтын 80 учаске.

Ал басқарма арқылы осы уақытқа дейін сот тәртібімен нұсқамаларды орындамағаны, жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін Өскемен қаласында ең көп ауданы 49,09 га болатын 303 учаскені, сондай-ақ Глубокое ауданында ауданы 1,93 га болатын 12 учаскені мәжбүрлеп алынған. Сондықтан аймақтағы жер иелері өз учаскелерін уақыт оздырмай мақсатына сай пайдаланып, іске жаратқандары абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу