KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, СШ
498.65 589.06 6.49

Өскемендегі «Металлург» саябағы мамырда ашылады

18.04.2023, 12:14 1 036 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы «Металлург» саябағын мамыр айында ашу жоспарланып отыр.

Қазір демалыс орнында алдағы маусымда дайындық жұмыстары басталып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ мамыр айының басында саябақта абаттандырудың екінші кезеңі басталмақ. Биыл бірінші кезеңде басталған жол жөндеу жұмыстары жалғасып, асфальт, тақтатастар төселеді және орындықтар мен жарықтандыру тіректерін орнату көзделген.

Бұл мақсаттарға шамамен 300 миллион теңге жоспарланып отыр.

  Одан кейінгі абаттандыру жұмыстары ауа райы жылынғаннан кейін басталады. Қазір саябақта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Саябақ мамыр айында қайта ашылатын болады, дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жақын арада "Сәулетай" саябағын абаттандыру бойынша жұмыстар басталады, бұл жобаға 18 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу