19-шы шағын ауданды абаттандыру жобасының екі кезеңі қандай? – Өскемен
Өскеменнің 19-шы шағын ауданын абаттандырудың кешенді жоспары негізгі екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен 19-шы шағын ауданды абаттандырудың кешенді жоспары әзірленді. Аталмыш ауқымды жоспар негізгі екі кезеңге бөлінді.
Бірінші бөлімде инфрақұрылымдық өзгеріс 2-ші және 3-ші кварталдарды қамтиды. Жауын-шашынға арналған кәріз желілерін салу, көшелерді жарықтандыру, тротуарларды және кварталішілік жолдарды төсеу, орындықтар мен шамдарды орнату сынды жұмыстар атқарылады. Осы шаруаларға 655,47 миллион теңге жұмсалмақ.
Кешенді жоспардың екінші кезеңінде, бірінші және екінші абаттандыру көзделген. Көшелерді жарықтандырылып, тротуарлар және кварталішілік жолдарды төселеді. Орындықтар мен шамдарды орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. 666,336 миллион теңге жұмсалады.