KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Күленов кентінде жол жөнделеді

29.05.2019, 07:40 266

Өскеменге қарасты Күленов кентіндгі Прииртышская көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Энтузиастов көшесінен Оңтүстік магистральға дейінгі 0,7 шақырымдық учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, жол жабындысы ауыстырылып, көше қиылыстары, тротуарлар, уақытша көлік тұрақтары мен аялдама пункттері жөнделеді екен.

Сондай-ақ, 45 жол белгісі орнатылмақ. Одан бөлек, су бұру жүйесін орнату, жарықтандыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да жүргізіліп, шағын мүсіндер, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылады.

Жұмыстар 2020 жылдың екінші жартысында басталып,  алты айға созылады деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив