KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Өскеменде 3 күнде 5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Фото: egemen.kz

25.08.2023, 17:31 265

21-23 тамыз аралығында Өскемен қаласының аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтті.

Шара әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулының орындалуына бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы аралықта полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп заңнамада белгіленген мерзім ішінде төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алды. Профилактикалық шараның аясында 665 қаулы бойынша 5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Сонымен қатар 7 көлік мамандандырылған арнайы тұраққа қойылды.

  "Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары, әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде төлеуді сұраймыз", – деп жазылған Өскемен қаласы полиция басқармасының хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив