"Борышкер": Бірінші күні 6 млн теңге айыппұл өндіріліп, 70-тен астам көлік айыппұл тұрағына қойылды
Шығыс Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың 18-шы 20-ші тамызы аралығында әкімшілік айыппұлдарды уақытында отөлеу мақсатында, "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол қозғалысы ережелерін бұзушылар анықталуда.
Іс-шараның бірінші күні 6 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 77 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
- Мысалы, 20-дан астам әкімшілік айыппұлы бар жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын облыс орталығының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізуші үнемі Жол жүру қағидаларын бұзып, құқықбұзушылықтар жасаған. Аталған жүргізушінің автокөлігі айыппұлдарын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды,- деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.