Борышкерлерден 24 миллионға жуық айыппұл өндірілді – Өскемен
Фото: ru.aikyn.kz
Облыс орталығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Жедел-профилактикалық іс-шара әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
7-30 маусым аралығында өтетін іс-шараға облыс орталығындағы полиция, прокуратура және сот орындаушыларының өңірлік палаталары қызметкерлері қатысады.
13 күн ішінде 2036 қаулы бойынша 23,8 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 37 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз