KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Өскеменде отандық және шетелдік сәнгерлердің туындылары ұсынылатын сән көрсетілімі өтіп жатыр

Фото: Ермек Имангазинов
Фото: Ермек Имангазинов
5.10.2023, 13:47 291

Өскеменде Eurasian fashion show сән көрсетілімі өтіп жатыр. Шара 2 күнге жоспарланған. 5 қазанда тағы бірқатар шара өтеді.

Қазақстанның және Ресей мен Тәжікстанның сәнгерлері жиналған көрсетілімді өткізуге демеушілер мен Өскемен қаласының әкімдігі қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бүгін танымал қонақтар, сәнгерлер келеді деп күтіп отырмыз. Ертең келетін қонақтар да олардан қалыспайды. Санкт-Петербург пен Тәжікстаннан келген сәнгерлер қатысады. Бүгін “Zeken-moda” мен “Торпедо” хоккей клубының коллаборациясының нәтижесі көрсетіледі. Яғни бүгін хоккей клубының спортшылары подиумға шығады. Ертең де дәл осындай сән көрсетілімі өтеді. Коллекция туралы алдын ала айтуға болмайды, бұл әзірге құпия. Қатысушылар ұнатқан затын бірден сатып ала алады, — дейді Eurasian fashion show сән көрсетілімінің 2-маусымының ұйымдастырушысы Лилия Каирова.  — Мен – Өскеменнің тумасымын, модельдік агенттіктің иесімін. Осындай шараларға қатысу үшін жиі сапарға шығамын. Өскеменде сән индустриясын дамыту керектігін түсініп, осы жобаны қолға алдым.  Қала әкімдігі қолдау көрсетті. Шараның тақырыбы — қоқысты қайта өңдеу және сұрыптау. Осы тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетіліп, түрлі ақпарат айтылады.


Жас ұйымдастырушыларға Kazakhstan Fashion Week тарапы консультация беріп, қолдау танытқан екен.

— KFW-нің негізі 2004 жылы қаланды. Ол - ел азаматтарына отандық киім ұсынып, сән өнерін жаңғырту мақсатында ойластырылған алғашқы ауқымды ұлттық жоба, – дейді KFW бас продюсері Саят Досыбаев. – Сән өнерінің шығыс аймақтардағы ордасына айналған өңірде өтіп жатқан жобаның екінші кезеңіне қолдау көрсетіп отырмыз. Өскемен тұрғындарының отандық сән индустриясындағы тұлғалармен танысу мүмкіндігі бар. Осында отандық сәнгерлерді әкеліп, өңірді көрсетіп жатырмыз. Олардың өнімдері осы қаладағы дүкендерде сатылады. Олардың қатары арта бермек. Осылайша сән индустриясының дамуына үлес қосамыз.

Отандық дизайнерлер ұйымдастырушыларды қолдау мақсатында  өз коллекцияларын ала келіпті.

– Сән өнерімен айналысқаныма 35 жыл болды. Бүгінгі көрсететін топтамам “Құмдағы іздер” деп аталады. Қазақтың сәні Жібек жолынан басталған десе де болады. Сән бізге осылай келді. Ол шексіз сән алаңы болды. Сол жерден жібек, патсайы, масатыны алып отырған. Менің коллекциям осы сахнаның сәнін келтіреді деп ойлаймын, — дейді сәнгер Ханым Айдаш (Ханымгүл Абдрасулова).

5 қазандағы көрсетілімде отандық сәнгерлермен қатар шетелдік дизайнерлер де коллекцияларын паш етеді.

– Осы көрсетілімде “Тәжікстан көктемі” деп аталатын жаңа топтамамды ұсынамын. Бұл топтамада салтанатты кеште киюге лайықты киімдермен қатар күнделікті киетін киімдер де бар. Ол топтамада қара және ашық жасыл түсті маталарды қолдандым. Тәжік ұлтының ою-өрнектерімен толықтырып, түрлі әшекей мен кесте түрлерін қолдандым, –дейді Умед Кучкалиев. – Бұл жобаға екінші рет қатысып отырмын. Маған жоба ұнады. Алдағы уақытта ынтымақтастық жалғасады деп ойлаймын.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив